Еліміздің көптеген өңірінде бір аптадан бері күн қатты ысып кеткен. Батыс Қазақстан облысы мен Қызылордада сынап бағанасы 46, кей жерлерде 50 градусқа дейін жетті. Соңғы рет мұндай рекорд 30 жыл бұрын болған дейді мамандар. Салдарынан «күн тиіп» жедел жәрдем шақырғандар саны артыпты. Ми қайнатар ыстық әсіресе қан қысымы жоғары және егде жастағы адамдарға ауыр тиюде.
️