Үкімет басшысы «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысымен танысты

215
11.08.2023 14:53

Ақтөбе облысының тұрғындары «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 6,5 млрд теңгеге 1 486 жобаны қаржыландыруға өтінім берді. Жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жобаның іске асырылу барысымен танысты. Бүгінде 4 млрд теңгеге 930 жоба қаржыландырылды. Нәтижесінде 1 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. 48 жылыжай салынып, 146 га алқапқа картоп пен басқа да көкөніс егілді. Сондай-ақ, ауылдарда 389 жаңа шағын бизнес нысаны ашылды.