Түркістан
EN

Түркістан облысында биыл 50 мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын аттайды

283
11.08.2023 14:28

Биыл Түркістан облысы бойынша осы оқу жылында 51621 бала 1-сыныпқа барады. Қазірге дейін оның 49 900 (96,6%)-ы  1-сыныпқа құжат тапсырған. Олардың ішінде алты жасқа енді толатындары да бар. Бір айта кетерлігі биыл 1-сыныпқа балалар Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының  31-бабына сәйкес дайындық деңгейіне қарамастан қабылданады. Қажетті құжаттар «электрондық үкімет» (egov.kz) веб-порталы мен Smartnation базасы арқылы қабылданды. Ал, шалғайда орналасқан елді мекендерде ата-аналар мектепке өздері апарып тастады. Осылайша келіп түскен өтініштер бір жұмыс күні ішінде қарастырылды.

️