«Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асыру барысына талдау жүргізілді

264
07.08.2023 15:09

«Тұрғындарға түсіндіру жұмыстары төмен деңгейде жүргізілген». Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру барысын талқылаған жиында жауаптыларға осылай деді. Оның сөзінше, бағдарламаға қатысты халықтың шағымы көп, құжаттарды тапсыру ісі де созбалаңқылыққа салынған. Енді оған жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі қаралады.