Облыс әкімі Жетісай ауданы тұрғындарымен кездесті

307
02.08.2023 14:56

Биыл қазан айында Жетісай ауданындағы екі бірдей газ тарату станциясының құрылысы аяқталады. Осының арқасында елді мекендерге көгілдір отын жеткізілмек. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай жұртшылығымен жүздесуінде айтты. Алдыңғы есепті кездесуден бері тағы бірнеше мәселе шешімін тапқан.