Тұңғыш алтын: Чэндуде өтіп жатқан универсиадада жерлесіміз чемпион атанды

120
31.07.2023 15:36

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан 31 Жазғы универсиадада таеквондошы Рита Бакишева чемпион атанды. Отандасымыз өз салмағында финалда қытайлық Тайбейден келген Хуань Инь Суаньнан басым түсті. Айта кетсем, қазірге дейін ел құрамасы қоржынына 11 медаль түсті. Оның ішінде бір алтын, бес-бестен күміс және қола медаль бар. Жазғы универсиада 28 шілде-8 тамыз аралығында өтеді. Онда 10 спорт түрі бойынша 90 қазақстандық сынға түсіп жатыр.