Түркістан облысында жол апатынан қаза болғандар саны артқан

181
25.07.2023 09:39

Жыл басынан бері Түркістан облысында жол-көлік оқиғалары 13 пайызға, оның салдарынан жарақат алған адамдар саны 20,4 %-ға төмендеген. Бірақ, өкінішке орай, жолда қаза болғандар саны артып отыр. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжіліс отырысында айтылды. Өңір басшысы жауаптыларға жол апатынан келетін қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін біршама жұмыс атқару керек,-деп тапсырды.