Түркістан
EN

350 келі балық аулаған броконерлер ұсталды

317
08.07.2021 23:00

Түркістан облысында заңсыз балық аулаған броконьерлер  ұсталды. Екі азамат қайыққа мініп, Көксарай су қоймасынан 350 келі балықты қырып салған. Оқиға орына жедел жеткен полиция қызметкерлері күдіктілерді қолға түсіріп, айғақтық зат ретінде 100 метрлік 4 қытай торын тәркіледі. Ауланған балық Шардара балық фирмасына өткізілді. Броконьерлер тізгіндеген көлік айыптұраққа қойылды. Өздері  аудандық полиция бөліміне жеткізілген.

️