Батыс Қазақстан облысында індет тағы да өршіп барады. Соңғы аптада коронавирус жұқтыру дерегі 41%-ке дейін өскен. Ал, зертханаға жіберілген 18 сынамадан үнді штамы анықталыпты. Орал қаласы мен өңірдегі 7 бірдей аудан «қызыл аймақ» қатарында. Тиісінше облыста карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. 10 шілдеден бастап саябақтарда скутер, самокаттарды жалға беруге тыйым салынады. Ашық алаңдағы аттракцион жұмысы тоқтатылады. Сондай-ақ бассейн, СПА-орталықтар да уақытша жабылады.
️