Вакцина бедеулікке әкелмейді. Мамандар әйелдер арасында екпенің кері әсері туралы айтылып жүрген түрлі алып қашпа әңгімеге нүкте қойды. Түркістан қалалық емханасының акушер-гинекологы Динара Сұлтанованың айтуынша, жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдер де, кемі 1 ай бұрын вакцина қабылдауына болады. Ал, босанған келіншектер бірден екпе салдыра берсе, оның ешқандай зияны жоқ. Өйткені, сүт арқылы балаға зиян келеді деген қауесет те шындыққа жанаспайды екен. Сондай-ақ, маман өзінің жүкті екенін білмей, коронавирусқа қарсы екпе алып қойған әйелдерге оның әсері туралы ойымен бөлісті. Дәрігердің айтуынша, вакцинаның жатырдағы ұрыққа әсері туралы нақты зерттеу қорытындылары әлі шықпаған.
️