Түркістан
EN

«Ұлттық Ұланның» ғимараты биыл пайдалануға беріледі

552
11.07.2023 20:36

Дархан Сатыбалды сондай-ақ Түркістандағы құрылыс алаңдарын аралау барысында әскерилерге арналған әкімшілік ғимаратының жағдайымен танысып, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Құрылыс жұмыстары  2021 жылы басталған нысан 2023 жылдың қазан айында қолданысқа беріледі деп жоспарланған.  «Ұлттық ұлан» мекемесіне берілетін нысан жобасының 2-кезегіне түзету жұмыстары жүргізілген.  Аумақты аббаттандыру бойынша топырақтар толық шығарылған. Гараж бен қойманың қабырғалары қалануда. Жылу қазандығын салу жұмыстары да аяқталуға жақын.  Нысан басында 42  адам, 3 техника жұмыс істеп жатыр.

️