Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен экс вице-министр Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Олар министрліктің жаңа ақпараттық платформасын жарамсыз күйінде қабылдап, пайдалануға берді деген айыппен былтыр қамауға алынған болатын. Алайда ақпараттық жүйе әлі іске қосылмаған. Орындалмаған жұмыстардың құны 4,1 миллион долларды немесе 1,5 миллиард теңгені құрапты. Бұдан бөлек, Елжан Біртанов былтыр маусымда санавиация ұшағын жеке мақсатта пайдаланғаны үшін жауапқа тартылып отыр. Алайда экс-министрдің адвокаттары ол толық кінәсіз екенін айтады.
️