«Ауыл аманаты» жұмысы жанданады

425
29.06.2023 15:25

«Жұмысты ширатып, ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке тарту керек». Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруға арналған аппарат жиналысында жауаптыларға осылай деді. Өңір басшысы жиында ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға арналған жобаны жүзеге асыруда кемшілікке бой алдырған әкімдер мен мекеме басшыларының жұмыстарын сынға алып, жұмысты жандандыруды тапсырды.