Түркістан
EN

Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысы әкімі лауазымынан босатылды

376
16.06.2023 21:05

Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды. Айта кетерлігі, Ахметов алғаш рет бұл қызметке 2014 жылы тағайындалып, аталған қызметті 9 жыл бойы атқарған. Оның орнына Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған Ермек Көшербаев тағайындалды. Жаңа әкімге бұл өлке таңсық емес. Ол 2010-2014 жылдар аралығында осы облыс әкімінің бірінші орынбасары болған. 

️