Ұлттық құрылтайға қатысатын делегаттар Түркістанға келе бастады

491
15.06.2023 16:45

Күні ертең түркі жұртының рухани астанасы Түркістанда Ұлттық құрылтайдың отырысы өтпек. Бұл шешім осыдан бір жыл бұрын ұлы даланың төріндегі  Ұлытаудың басында өткен алғашқы жиында қабылданған болатын. Жалпы, құрылтайдың құрамында 117 адам бар. Оның ішінде Парламент депутаттары, саяси партиялар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерінен бастап, еліміздің түкпір-түкпірінен, сан түрлі саланың, әр буынның өкілдері бар. Дәл қазір олар Түркістан халықаралық әуежайына келіп қонды. Делегацияны күтіп алуға әріптесім Алтынбек Әмитте барған еді.