3,6 мың адам жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алды

158
13.06.2023 10:00

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 3 600 адам грантқа ие болды. Биыл жалпы бұл жоба бойынша 9 000 грант беру жоспарланып отыр. Оған 15-26 мамыр аралығында 26,9 мың грантқа өтінім берілген. Олардың көбі Түркістан  және Жамбыл  облысы, Шымкент қаласынан болса, керісінше Ұлытау мен Ақмола облыстарының белсенділігі өте төмен. Комиссия бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, оның қаржылық өміршеңдігіне қарап баға береді.