Індет басталғалы әлем бойынша 160 миллионнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлім етті. Ресми ақпарат деректеріне сенсек, Германияның өзінде пандемияға шалдыққандардың саны 3,5 миллионнан асады. Олардың 3,23 миллионы яғни 90 проценті дертінен айыққан. Ал Ұлыбритания Үндістанға тағы 1000 өкпені желдету аппаратын жібереді. Елдің сыртқы істер министрі «Сovid-19 індетімен күресу үшін бәріміз бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Жағдай баршамызға қауіпсіз болмайынша қауіп-қатер бәрімізге төнеді» деп мәлімдеген. Бұған дейін Британия соңғы кезде коронавирустен зардап шеккен Үндістанға 200 ӨЖЖ аппаратын, 500-ге жуық оттегі концентраторын жіберген болатын. Ал АҚШ-та коронавирус салдарынан өлім-жітім санының күнделікті көрсеткіші өткен жылдың наурыз айынан бергі ең төменгі деңгейге жетті. Өткен аптада елде COVID-19 салдарынан күніне 546 адам мерт болыпты. Сондай-ақ, инфекцияның жаңа жағдайларының саны азайып келеді.
️