Бірқатар өңірде қуаңшылық болады

122
07.07.2021 21:58

Шілде айында еліміздің бірқатар өңірлерінде қатты қуаңшылық болады. Бұл "Қазгидромет" мамандарының болжамы. Синоптиктердің мәліметінше,  Ақтөбе,  Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау  және Маңғыстау облыстарында қатты қуаңшылық болады деп күтілуде. Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда  және Атырау облыстары мен аймақтарында орташа деңгейдегі қуаңшылық болуы ықтимал. Айта кету керек, шілде айында еліміздің солтүстік және шығыс қазақстан облыстарында жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады деп күтілуде.