Түлкібастық түлектер мұқтаж отбасыға баспана  сыйлады

135
02.06.2023 09:38

Түлкібастық түлектер мұқтаж отбасыға баспана сыйлады. Биыл мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған азаматтар ортадан шығарып, 8 млн 600 мың теңге жинаған. Ол ақшаға Кемелбековтар отбасына аудан орталығынан 6 бөлмелі үй келді. Үйдің ауласында моншасы, мал қорасы, жаздық сарайы бәрі бар. Ерлі-зайыптылар мен олардың мүмкіндігі шектеулі қыздары бұған дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген. Айта кетсек, мұқтаж отбасыға баспана сыйлау рәсімі түлкібастықтар үшін дәстүрлі шараға айналған. Жыл сайынғы түлектер эстафетаны келесі жылғы ізбасарларына табыс етеді.