Шымкентте порнография таратумен айналысқан топ 12 жылға сотталды

359
29.05.2023 15:37

Шымкентте веб-порно студияны ұйымдастырған азамат 12 жылға сотталды. Арсыз видеоларды ол жалғыз өзі емес, бірнеше адаммен бірге әзірлеген. Қылмыстық топтың құрамында 5 қазақстандық, 5 қырғызстандық азаматтың бары анықталған.  Ал оларға модель болып табыс тапқан қыздардың саны 50-ге жуықтайды, тіпті арасындағы екеуінің жасы кәмелетке де толмаған.  Құпия студия орналасқан жалдамалы пәтерді тінту кезінде 44 000 АҚШ доллары мен есірткі табылды. Қылмыстық топтың жетекшісі Әлішер Шаршеналиев 12 жылға сотталып, қылмыстық жолмен табылған мүлкінің бәрі тәркіленді. Ал басқа сыбайластары 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.