Қазақ халқы белгілі айтыскер, «Халық ақыны» Әселхан Қалыбекованы ақтық сапарға шығарып салды. Суыт хабар бесінші маусым күні таңғы уақытта таралған кеткен еді. Марқұмның денесі өз шаңырағынан шығарылды. Айта кетейік, Алаштың аяулы ақыны жақында ғана Түркістан қаласында өз мерейтойы қарсаңында өткен аламан айтысқа әділқазылық еткен болатын. Әселхан Қалыбекова 1950 жылы Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында туған. Ақын апа айтыс әлемінде алып самұрыққа ұқсайтын, қанатымен дауыл тұрғызып, екпінімен найзағай ойнататын, елінің ең сүйікті перзентіне айнала білді. Ұлттық өнерге қосқан үлесі мен сіңірген еңбегі үшін бірнеше марапатқа ие болды. «Қазақ КСР-інің Халық ақыны» «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен және 2005 жылы Елбасының жарлығымен еліміздің жоғарғы мемлекеттік марапаты «Парасат орденімен» марапатталды.
️