Түркістан
EN

Түркістан облысында 15 000-ға жуық тұрғын қаржылық пирамида алаяқтарының парақшасына тіркелген

225
29.05.2023 14:38

Түркістан облысында 15 000-ға жуық адам қаржылық пирамида алаяқтарының парақшасына тіркелген. Бір қызығы, солардың басым көпшілігі - ұстаздар. Бұл туралы экономикалық тергеп-тексеру департаменті мамандарының жастармен кездесуінде айтылды. Сондай-ақ сала мамандары осы шара барысында жастарға интернет алаяқтардан қалай сақтану керектігіне жол көрсетті. Кездесуге қатысқандардың бірі - Жанерке Боранбай. Түркістандық студент қаржылық пирамида құрбаны атанған құрдастарының көптігіне налиды. Және олардың барлығы дерлік қарызға белшесінен батып, банктердің қара тізіміне енгендер. 

️