Қызыл кітапқа енген киікті атқан қостанайлық тұрғын екі жарым жылға сотталды. Сондай-ақ соттың шешімімен 100 сағат қоғамдық жұмысқа жегілген. Пробациялық есепте тұрған азамат өз кінәсін толық мойындапты. Айта кетсем, қазақ даласында қазір киік төлдей бастады. Бұл кезең мамыр айының соңына дейін жалғасады. Осыған байланысты түз жануарлары көптеп жиналатын және қоныс аударатын аумақтарда күшейтілген рейдтік шаралар жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, Дүниежүзіндегі бөкендердің 90 пайызы Қазақстанда мекендейді. Біздің елімізде киіктердің Бетпақдала, Орал және Үстірт аймақтарында 3 популяциясы бар. 2019 жылғы мәліметке сай, біздегі бөкендердің саны 330 мыңнан асқан. Ал, биылғы санақтың қорытындысы жыл соңында белгілі болады.
️