БҰҰ: журналистерге шабуыл көбейді

60
04.05.2023 13:27

Әлемде соңғы жылдары журналистерге шабуыл күрт өсті. БҰҰ баспасөз еркіндігі күніне орай осындай мәлімет жариялады. Дерекке сүйенсек, былтыр әлемде бұқаралық ақпарат құралдарының 67 қызметкері қаза тапқан. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 50 пайызға артық. Ал соңғы 5 жылда дүниежүзіндегі адамдардың 85 пайызының сөз еркіндігі шектеліпті. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының Баспасөз еркіндігі күні деп жариялағанына биыл 30 жыл толды.