Полицейлер жасөспірімдерге қатысты 50-ге тарта құқық бұзушылық анықтады

79
04.05.2023 13:22

Түркістандық полицейлер жасөспірімдерге қатысты 50-ге тарта құқық бұзушылықты анықтады. "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында түнгі уақытта ойын-сауық орындарында, көшеде бақылаусыз жүрген балаларға арнайы рейд жүргізіліп, ата-аналарына қатысты әкімшілік шара қолданылды. Аталған шараға Түркістан қаласының ювеналды полиция қызметкерлері, Адами әлеуетті дамыту бөлімі мен жастар орталығының мамандары, сондай-ақ ата-аналар комитеті мен басқа да мүдделі орган қызметкерлері атсалысты.