"Қауіпсіз тағам" акциясы

124
02.07.2021 23:44

Түркістан облысында жыл соңына дейін 4 млн. тоннаға жуық мал азығы жиналады. Ол үшін «Аграрлық несие корпорациясы» тарапынан дала жұмыстарымен айналысатын 900-ден астам агроқұрылымға 4,6 млрд. теңге несие берілді. Бұл туралы өңір басшысы Қазығұрт ауданында өткен «Мал азығымен қамтамасыз ету және астық ору барысы» туралы көшпелі мәжілісте мәлімдеді. Сондай-ақ Өмірзақ Шөкеев мәселені шешуге аймақтардың толықтай мүмкіндігі бар екенін айтты.