Түркістанда жанар-жағармай тапшылығының алдын алу мәселесі қатаң бақылауда

154
02.05.2023 10:44

Жанар-жағармайдың заңсыз тасымалына қарсы күресті күшейте түсу керек. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиналыста осы бағыттағы жұмыстар талқыланды. Аймақ басшысы жергілікті атқарушы органдар мұнай өнімдерінің бар-жоғы мен бағасына күн сайын мониторинг жүргізуі қажет деді. Сондай-ақ фискалдық деректер мен электронды шот-фактуралар операторларының деректерін талдау арқылы тиімсіз делдалдарды анықтауды және жоюды жалғастыруды жүктеді.