46 вакцина пункті ашылды

170
02.07.2021 23:41

Енді Ташкент тұрғындары коронавирусқа қарсы екпені сауда орталықтары мен базарларда да ала алады. Көрші ел астанасында қоғамдық орындарда 46 вакцина пункті ашылды. Мұнда жасы 18-ден асқан Өзбекстан азаматтары екпе жасата алады. Вакцина алу тегін. Әзірге өзбектер қытайлық әріптестерімен бірігіп жасаған препаратты пайдалануда. Бұл вакцинаның 2 млн дозасы Өзбекстанға жуырда жеткізілген болатын. Қазір Өзбекстанда вакцина алған азаматтардың саны 3 млн 680 мыңға жетті. Ал инфекция жұқтырғандардың саны жүз он бір мыңнан асты. Соңғы тәулікте көрші елде коронавирус салдарынан 4 адам көз жұмған.