Түркістан облысында қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

212
25.04.2023 03:39

Күндізгі уақытта тұрғын үйге қарақшылық жасап, 2 миллион теңге ұрлаған күдікті ұсталды. Оқиға Түркістан облысы Келес ауданында болған. Полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғынның сөзінше, оның үйіне белгісіз біреу кіріп, әйеліне физикалық күш көрсетіп, қолдары мен аяқтарын байлап тастаған. Содан кейін күдікті жатын бөлмесінен екі миллион теңге ақшаны ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Қылмысты ашу мақсатында дереу жедел-тергеу тобы құрылды. Шұғыл-іздестіру нәтижесінде полицейлер, күдіктіні анықтап ұстаған. Ол бұрын бірнеше рет сотталған Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты. Күдікті бұл әрекетін толық мойындаған.