Халықаралық көрмеде Түркістандық 3 бірдей қонақ үй жоғарғы сапа жүлдесін иеленді

270
20.04.2023 15:52

 KITF халықаралық көрмесінде Түркістандық 3 бірдей қонақ үй жоғарғы сапа жүлдесін иеленді. Айта кетсем, бұл көрме 2001 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол туризм саласы бойынша,  Орта Азиядағы ең ірі кәсіби алаң болып саналады. Ал, сарапшылар тарапынан KITF көрмесіне дүниежүзілік көрме индустриясының қауымдастығы сапа таңбасы берілген.