Қаржыландыру тоқтатылады

212
20.05.2021 11:34

Елімізде "7-20-25" және "Баспана хит"  ипотекалық бағдарламаларын қаржыландыру тоқтатылады. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты. Ол мемлекет ипотекалық бағдарламалардан нарықтық қағидаттарды ескере отырып біртіндеп бас тартуы керек деп мәлімдеді. Бұл аяқасты қабылданған шешім емес. Ұлттық экономиканы несиелендіруді тоқтатуы 2030 жылға дейінгі ақша-несиелі саясат стратегиясында да айтылған дейді Мәдина Әбілқасымова. Сондай-ақ жауаптылар «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы да тоқтатылатынын жеткізді.