Түркістан облысының әкімі елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды

209
19.04.2023 09:39

Екі саусақтың көмегімен 5 минутта 15 мың теңге пайда тап. Кәріз құбырларын қолды қылып жатқандарды көрсеңіз, бірден телефон арқылы видеоға түсіріп, Түркістан су мекемесіне жолдаңыз. Мамандар тың ақпарат үшін 15 мың теңге сыйақы беруге дайын. Олар бұл қадамға кәріз құбырлары қақпағын ұрлаушылар саны азаймай тұрған соң барып жатқанын айтады. Мәселен, Тұран мөлтек ауданының өзінде әлі пайдалануға берілмеген қақпақшалар қайта-қайта ұрланып жатыр. Мердігер мекеме шығынға батып біттік дейді. Бұл мәселе қала әкімінің тұрғындарды қабылдауында да көтеріліпті.