Ауыл әкімдері сайланады

236
30.06.2021 22:22

25 шілде күні Түркістан облысында 60 әкімінің тағдыры шешілмек. Өйткені, бұл күні осынша ауылда  әкім  сайлауы өтеді. 300 мыңнан астам тұрғын тұңғыш рет өз әкімін өздері таңдайды. Әзірге бұл орындарға өзін ұсынған үміткерлер саны 50-ге жеткен.  Дегенмен олардың арасынан ең көп дауыс жинаған адам ғана креслоға жайғасады. Бір қызығы, бұлардың арасында бірде бір партия өз өкілін ұсынбапты.