Жетісайда жыл басынан бері карантин талабын сақтамаған 150-ге жуық жайт анықталды. Мәселен, Асық ата кентіндегі компьютер клубына келген 10-нан астам адам арақашықтық сақтамаған, бетперде тақпаған. Ал, 22:00-де жабылуы тиіс дәмхана заңға пысқырып та қарамады. 23:30-да келушілерге есігін айқара ашып, жұмысын жалғастырған. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары тексеріс барысында заңды белшесінен басқан бильярд клубын да анықтады. Мұнда да карантин талаптары сақталмаған.
Адилхан Муфтиллаев - Полиция капитаны
Ірі кәсіпкелерге ҚР ӘҚБ 832 бабына сүйене отырып, шара қолдану үшін СЭС мекемесіне жолдануда. Жетісай ауданы тұрғындарына карантиндік ережелерді ұстануға шақырамын.
Сондай-ақ мониторингтік топ Таразда 130 адам жиналған тойды тоқтатты. Шаһардағы шектеулерді елемеген кәсіпкерге айыппұл салынған. Жамбыл облысы жасыл аймақта болғанымен Тараз қаласы қауіпті аймақтардың қатарында. Жалпы, жыл басынан бері өңірде сақтық шараларын елемеген 500 ден астам мейрамхана иелері жауапқа тартылып, 51 млн теңгеден аса айыппұл салынған.
️