«Мың бала» ұлттық олимпиадасы биыл да жалғасын таппақ

563
29.03.2023 04:52

Ауылды жерде оқитын оқушылар үшін таптырмас мүмкіндік. Елімізде ауыл мектептеріне арналған «Мың бала-2023» республикалық олимпиадасы басталды. Олимпиада оқу-ағарту министрлігі мен «Елбасы Академиясы» қорының қолдауымен өткізіледі. Оған биыл Түркістан облысындағы ауыл мектептерінің 6-ыншы сыныбында оқитын 22 мың оқушының, 14 мыңнан астамы қатысады деп күтілуде. Онлайн тіркеу 30 наурыз күні аяқталады. Сайыс 2 кезеңнен тұрады. Оқушылардың тіл білу деңгейлері мен математика, жаратылыстану пәндерін қаншалықты меңгергені сыналады. Сондай-ақ, логикалық сұрақтарға да жауап береді. Олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар мамандандырылған «Дарын» мектебінде оқуға мүмкіндік алады.