Түркістан облысының әкімі тұрғын үйлерді сапалы салуды тапсырды

279
28.03.2023 10:58

Түркістанда салынып жатқан көпқабатты үйлердің құрылыс қарқыны бәсеңдемеуі тиіс. Баспаналардың сапалы салынуы қатаң қадағаланып, сеймсоқауіпсіздігінің сақталуы да басты назарда болады. Бүгін қаладағы құрылыс нысандарын аралап көрген облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басшылар мен мердігерлерге осындай тапсырма берді. Түркістан қаласында 7 қабатты 32 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. 11 гектардан астам жерде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің жалпы ауданы 20 мың шаршы метрден асады. Жалпы құны – 25,7 млрд. теңге. Қазіргі таңда құрылыс алаңдарында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өңір басшысы жаңадан бой көтерген көпқабатты үйлердің сәулеттік келбеті біркелкі болуы керектігін ескертті. Тұрғын үйлердің қарқынын бәсеңдетпей, сапалы салуды тапсырды. Құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес аяқталмаса, жауапты компанияларға шара көріледі.