Ұлыбританияда Украина әскері жаттығу жұмыстарын жасауда

188
28.03.2023 04:41

Ұлыбритания Украиналық сарбаздарға соғыс тәсілдерін үйретіп жатыр. 9 апталық артиллериялық курста 70-ке жуық Украиналық жауынгер AS-90 өздігінен жүретін кешендерді меңгеруде. Братиниялық нұсқаушы-сержанттардың айтуынша, бұл артиллериялық кешеннің құрылымы қиын. Бірақ, ақпарат көздері Украиналық сарбаздар оны толық меңгеруге жақын екенін хабарлады. Жалпы, Ұлыбритания әр 4 ай сайын он мың сарбазды дайындық курсынан өткізу жобасын жүзеге асырып келеді.