Түркістан облысының тұрғынынан 260-тан астам оқ-дәрі тәркіленді

206
27.03.2023 09:40

Созақ ауданының тұрғыны үйінде 260-тан астам оқ-дәріні заңсыз сақтаған. "Қару" жедел алдын-алу шарасы аясында жедел уәкілдерге заңсыз оқ-дәрі сақтау дерегі бойынша ақпарат келіп түскен. Аталған қылмыстық іс бойынша жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізген полиция қызметкерлері тез арада күдіктінің мекен-жайын анықтады. Ауыл тұрғынының үйін тінту барысында заңсыз сақталған түрлі калибрлі оқ-дәріні тәркіледі. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.