Түркістан облысында биыл жол көлік апаттары жиілеген

321
27.03.2023 09:39

Түркістан облысында жол-көлік оқиғалары 42 пайызға төмендеген. Алайда көлік апатынан қаза тапқандардың саны 10 пайызға өскен. Көлікті басқара алмай жаяу жүргіншіні қағып кету, мас хәлде көлік басқару, қарсы бағытқа шығу оқиғалары жиілеген. Құқық қорғау қызметкерлері жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырады. Қазір облыс көлемінде жол апатын азайту мақсатында жедел-профилактикалық іс-шаралар өтіп жатыр.