Шымкент қаласында 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында футболдан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО-ның спорт шебері Махамбет Сапарбаевты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды. Футбол додасында Түркістан облысының намысын жоғары деңгейде қорғаған облыстық футбол мектебінің шәкірттері намысты қолдан бермей, барлық қарсыластарын жеңіп, бірінші орынға ие болды.