Түркістанда наурыз мерекесіне дайындық қалай?

275
20.03.2023 15:09

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Мерекелік шараларды тамашалауға алыс-жақын облыстардан 20 мыңнан астам турист келеді деп жоспарланған. Әз-Наурызда халыққа арналған қандай тосын сыйлар бар? Тілшіміз біліп келді.

Өз ісіне берілген жұмысшылар, қарбаласқа толы жұмыс алаңы. Сахналар құрылып, киіз үйлердің шаңырағы көтерілді. Түркістанда наурызға дайындық осылай жүруде. Негізгі мерекелік шаралар "Керуен сарай" туристтік аймағында өтеді деп жоспарланған. «Қош келдің - Әз-Наурыз» атты шарада көрермендер түрлі қойылымдарды тамашалайды.

МЕЙІРЖАН ӘЛИАКБАРОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ 

«Театрландырылған «Армысың әз Наурыз атты» музыкалық қойылым жүреді. Қазақтың ұлттық ойындары, дәстүрі, салты, әні, биі жәнеде басқа көрші Өзекстан елінен келіп отырған өнерпаздар осы сахнада таңғы сағат оннан бастап әдемі концерттік бағдарламамызды халыққа ұсынамыз.» Туристер арасында Наурызды Түркістанда тойлау үрдіске айналып келеді. Мәселен, Рахат Нәбиева Ташкенттен арнайы келіпті.

РАХАТ НӘБИЕВА ҚАЛА ҚОНАҒЫ 

« Наурызды Түркістанда тойлаудың өзіндік ерекшелігі бар. Көне қаланың атмосферасы да осыған мүмкіндік береді. Бүгінгі Түркістанның көрінісі көз қуантады. Сондықтан, Наурызды осы жерде атап өту үшін ұлым мен келінім, немерелеріммен бірге келдім.» Биылғы туристік маусымда Түркістан облысына 1 миллион 500 мыңға жуық адам келеді деп жоспарланған. Наурыз мейрамы аясында тарихи шаһарға 20 мыңға жуық адам саяхаттап келеді деп көзделіп отыр.

ЕРАСЫЛ ТӨЛЕБАЕВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ 

Мереке күндері қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік концерттер тамашалайды. Этнофестивальле қазақ ауылының көрінісін тамашаласа, "Тайқазан" ұлттық гастрофестивальінде түрлі тағамдардан дәм татады. Кесене аумағындағы этноауылда қолөнер шеберлерінің көрмесін аралауға болады. 22-наурыз ұлттық ойындарға ұласып, «Жібек жолы» шеруі мен мерекелік концертпен аяқталады деп жоспарланған.