ҚМДБ оразаға байланысты кәсіпкерлерге үндеу жасады

210
20.03.2023 15:03

Рамазан айының басталуына да санаулы күндер қалды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы кәсіпкерлерді оразада азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеуге шақырады. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында Түркістан қаласының бас имамы мәлімдеді. Биылғы Рамазан айының қандай ерекшелігі бар? Тілшіміз тарқатады. 

 

 Балиғатқа толған әрбір азаматқа ораза парыз. Халқымыз Рамазан айын асыға күтіп, ерекше дайындалады. Керек азық-түлігін сатып алып, ертерек қамданады. Осы сәтті пайдаланған кәсіпкерлердің ораза айында азық-түлік бағасын шарықтатып жіберетіні бар. Сондықтан, имамдар Рамазан айының құрметіне халықтың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға үндеді.

 

МҰХАММЕДЖАН ЖҰМАДУЛЛАЕВ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

Құрметті Қазақстандықтар  барша мұсылман жамағаты құрметті қауым қасиетті шарапаты мол айда бизнес саласында жүрген бауырларымыздай бағаны өсірмеуге шақырамыз. 

 

 Биылғы пітір садақасы жан басына 535 теңге болып бекітілді. Оның мөлшері еліміз бойынша екі келі ұнның ортақ бағасы негізінде белгіленді. Имамдар "оразада ішімдік ішілмесе және дүкендерде сатылмаса, ас беру ауызашар уақытына орай өтсе", - деген тілектерін жеткізді.  

 

 Биыл Рамазан айының бірінші күні 23 наурызда басталып 29 күнге созылады. Сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – Қадір түні. 21 сәуір – ораза Айт мерекесі.