Мәскеуде індет өршіп тұр

210
29.06.2021 00:26

Ресей астанасында коронавирустан соңғы бір тәулікте 114 адам қайтыс болып, рекордтық көрсеткіш орнады. Вирусты 6 мыңнан аса тұрғын жұқтырған. Эпидемиологиялық жағдай нашарлап бара жатқан соң елде бүгіннен бастап жаңа шектеу шаралары күшіне енді. Қазір балаларға арналған бірқатар мекеме мен фудкорттар жабылып, мейрамханаларға түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салынды. Сондай-ақ дәмханаларға тек коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар мен дерттен жазылып шыққандар ғана кіргізілетін болады. Ел тұрғындарын Үнді штаммы әбігерге салған соң, Денсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелдерге «Спутник V» вакцинасын салуға рұқсат етті. Шешім клиникалық сынақтар нәтижесі негізінде шығарылды. Қазір екпенің екі компонентін қаланың тек бір жарым миллион тұрғыны салдырған. Енді қызмет көрсету саласы, медициналық және білім беру мекемелері қызметкерлерінің 60 проценті вакцина салдыруы тиіс.