Өзбекстан астанасы екі аптаға карантинге жабылды. Яғни, бүгіннен бастап Ташкентке кіріп-шығуға шектеу қойылды. Тиісті қаулыны көрші елдің коронавируспен күрес жөніндегі республикалық комиссия жариялады. Бұдан бөлек Өзбекстанда кафе, мейрамханалар, түнгі клубтар мен қоғамдық тамақтану орындары кешкі 8-ге дейін ғана жұмыс істейтін болады. Тағы бетперде тақпаған жолаушылар қоғамдық көліктерге отырғызылмайды. Ал санаторийлер мен жазғы лагерьлерге демалуға баратын ересектер мен балалар міндетті түрде ПТР тест тапсырулары қажет. Карантин шаралары елде коронавирустың дельта штаммы анықталғаннан кейін қабылданып отыр. Қазір Өзбекстанда эпидахуал ушығып барады. Тәулігіне инфекция жұқтырған 500-ге жуық адам тіркеліп жатыр.
️