Пара спортшылар арасында “Сауран” клубының ашық біріншілігі өтті

250
18.03.2023 09:03

Түркістанда пара спортшылар бақ сынасты. «Сауран» спорт клубының ашық біріншілігі дойбы, үстел теннисі және пара пауэрлифтинг спорт түрлері арасында өтті. Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған додада көру қабілеті төмен және тірек қимыл аппараты зақымданған 40-қа жуық спортшы қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша ерлер арасында дойбыдан Мәулен Алдабергенов үздік деп танылса, Сәуле Абуова қыздар арасында жеңімпаз атанды. Пара-пауэрлифтингтен 75 келіден жоғары салмақ бойынша Бағланбек Оңалбек үздік деп танылса, 75 келіге дейінгі салмақта Жаңабай Кенжетаев жеңіске жетті. Қыздар арасында 75 келіден жоғары салмақ бойынша Гүлбану Исабекова, 75 келіге дейінгі салмақта Ақтолқын Сейлбекова оқ бойы оза шапты.