Түркістанда I-ші Халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өтпек

211
18.03.2023 08:39

Түркістанда алғаш рет I-ші Халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өтпек. Басты мақсаты – ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінің өнімдері мен қызметтерімен таныстыру және сату. Көрме үш күнге жалғасады.  Жәрмеңкеде түрлі концерттік бағдарламалар, қазақтың ұлттық ойындары ойналып, ірі қара мал арасында «бұқалар жекпе-жегі» байқауы сынды іс-шаралар болмақ. Сондай-ақ,  Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, Түркия, Голландия сынды 100-ге жуық отандық және шетелдік қатысушылардың басын біріктірген шараны 3 мыңға жуық адам тамашалайды деп жоспарлануда.