Індет қайта өршіді

482
29.06.2021 00:15

Індет қайта күшіне мінді. Соңғы тәулікте Түркістан облысында 38 адамнан ковид 19-дың белгілері анықталған. Бүгінде 42 науқас инфекциялық ауруханада ем қабылдап жатыр. Жалпы, облыс дерттің жұғу қарқыны жағынан әлі де «жасыл аймақта» тұр. Дегенмен пневмонияға шалдығушылар саны күрт өскен. Қазір ауруханаларда 162 науқас жатыр. Жалпы пандемия басталғалы коронавирусқа 6 878  адам шалдықса, оның 6 509 дертінен құлан таза айыққан. Ал, бүгінге дейін екпе салдырып үлгіргендер 360 мыңнан асады. Соның ішінде 300 мыңға жуығы екінші компонентін алып үлгерген. Облыста 1200 инфекциялық стационар ұйымдастырылған. Онда 975  орын бос тұр.