Түркістан
EN

Түркістан облысында айына миллиондаған табыс тапқан 8 заңсыз ойынхана әшкереленді

370
13.03.2023 14:02

Түркістан облысында айына миллиондаған табыс тапқан 8 заңсыз ойынхана әшкереленді. Оны ұйымдастырушылар бұрын сотты болған Сарыағаш ауданының 2 тұрғыны екені белгілі болды.  Алдын ала мәліметтер бойынша, бір ғана мекеменің заңсыз қызметінен ай сайын миллион теңгеден астам табыс түскен. Ойын мекемелері мен ұйымдастырушыларының тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде аппараттық-бағдарламалық кешендер, техникалық құрылғылар, құжаттар, ақшалай қаражат және басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Қазір осы қылмысты жасауға қатысы бар өзгеде азаматтар анықталып жатыр. 

️