Түркістан облысының әкімі Отырар ауданының тұрғындарымен кездесті

501
11.03.2023 07:14

Отырар ауданы Түркістанмен бірге дамиды. Киелі өлкені туристік орталыққа айналдыруымыз керек. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданының тұрғындарымен кездесуде осылай деді. Ауданның әлеуеті артып, былтыр өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі 18,8 млрд теңгеге жеткен. Халықтың табысын арттыру мақсатында 1400 жаңа жұмыс орны ашылып, 4 мың тұрғын жұмыспен қамтылыпты.