Шавкат Рахмонов аралас жекпе-жекте жеңіске жетті

394
07.03.2023 04:56

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов кәсіпқой маңсабындағы он жетінші жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз американдық белгілі файтер Джефф Нилмен  шеберлік байқасты. Нәтижесінде үшінші раундта қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңіп кетті. Сондай- ақ осы жекпе-жек кешінің үздік файтері деп танылды.  ММА әлеміндегі ең үздік ұйымдағы бесінші жекпе-жегінде Шавкат бесінші жеңісін тіркеді. Тағы бір қызықты жайт, барлығы мерзімінен бұрын аяқталған.